Демократия

Бұл бетте «Демократия» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1084
Демократия деген ен ұғым?
Мағынасы кең ұғым:
Халық билейді деген сөз,
Теріні өздерінше илейді деген сөз,
Патшаға да басын имейді деген сөз,
Бірақ, ар-намысқа тимейді деген сөз.
Иә, бұл – алтын ұғым,
Жарық күндей жарқын ұғым.
Халық кімнен именіп, қайтады?
Айтатындарын тура айтады.
Жатпайды қорқып-жасқана,
Талап қоя біледі патшаға...
Кезінде бір елдерде солай болған,
Мәслені шешу оңай болған.
Бірте-бірте заман өзгеріп,
Диктатура кез келіп,
(Жеке билікті көз көріп),
Диктатура дара тұлғаға айналды,
Халықтың тілі байланды,
Күні қараңға айналды.
Полицейлердің аңдуына ілініп,
Көшеге шыға алмайтын болды бірігіп.
Шыға қалса, әр қадамын аңдайтын болды,
Әркімге күдіктене қарайтын болды.
Кет дегенге кетпесе, сабайтын болды,
Абақтыға қамайтын болды.
Демократия деген сөз қағазда қалды,
Қалың елді азапқа салды.
* * *
Демократия қиналса да соншама,
Жоғалған жоқ екен соншама,
Нағыз демократия моншада.
Онда кімдер бармайды?
Кәрі де, жас та қалмайды,
Ұлтқа бөлушілік болмайды,
«Саясаткерлер» бұлбұлша сайрайды.
Киімдерін шешіп тастайды,
Абыройларын жасырудан саспайды,
Еркін әңгімені бастайды,
Өйткені, мұнда полицейлер баспайды,
Сондықтан, ешкім үркіп-саспайды.
Айда келіп, ұмытып Құдайды,
Шетте қалып былайғы,
Басқаны да сыбайды,
Патшаны да сынайды.
Әй дейтін әже жоқ,
Қой дейтін қожа жоқ,
Өздері өздеріне қожа боп,
Кір-қоқыстан арылып,
Ақырында моншадан
Шыға келер таза боп.
* * *
Иә, моншада көңілденіп қаласың,
Тән кірінен жеңілденіп қаласың.
Жан кірінен арылып,
Демократия сөзімен танысып,
Өмір көріп қаласың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Демократия өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Демократия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Демократия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Демократия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері