Жемқорлыққа ем жоқ
(Мысал)
Бір орманның қақпасында,
Жарнамалық тақтасында:
«Жемқорлыққа жол жоқ» деген,
Жазу тұрды өрнектеген.
Мұны көріп Маймыл күліп те алды,
Бастығына кіріп барды:
– Ассалаумағалейкум, Мырза,
Қайда кеткен бұл заң?
«Жемқорларды жою керек,
Көздерін ою керек.
Қатты жазалау керек,
Орманды тазалау керек», –
Деп жазасың да қоясыңдар,
Жемқорлықты қашан жоясыңдар?
Бастық болар деп сөзім ұтымды,
Содан соң былай күпінді:
– Жемқорларды шетінен ұстап жатырмыз,
Шындығын айтқызып, қыстап жатырмыз,
Көп жегенін апанға тастаймыз,
Азырақ жегенін елі жоқ,
Немесе соғатын желі жоқ
Меңіреу жапанға апарып тастаймыз.
– Апаныңыз дұрыс – түрме ғой,
Онда еркін жазылмайды мүлде бой.
Жаза мезгілі біткен соң, бірақ,
Сол жемқор шырақ.
Қалай тұрсын шыдап?
«Ауру қалса да, әдет қалмайды»,
Кәсібінен құтыла алмайды.
Жемқорлығына басып қайтадан,
Бұрынғыша айтады ән.
Ал, Жапан дегеніңіз тұрме емес,
Жемқор дегеніңіз бүрге емес.
Қәзіргі жұмбақ жүйені ұғар,
Жапанда оның иелігі бар:
Басыма іс түссе деп, аңдап қойған,
Күнібұрын бәрін қамдап қойған,
Ол жерде тоғайы бар,
Тоғай толы торайы бар.
Аулаймын десе, орайы бар.
Шомылам десе – көлшігі бар,
Ішкілік ішетін меншігі бар.
Яғни, кафесі бар,
Ішіп-жемнің көкесі бар.
Не істеймін десе, еркін жүреді,
Бой жазып, сергіп жүреді.
«Үй қамақ» деген бұл жазаны
Жанға батар аса бір
Ойламайды жаза деп,
Ойлайды рақат бір маза деп.
Тек сыбайластарымен күнде
Жүре алмайды бірге.
Осындай «жазадан соң»,
Жанға рақат мазадан соң,
Жемқорлар қашан тыйылады?
Жолдары қалай қиылады?
Бастық басын шайқады,
Сұрақтың қиын екенін байқады:
– Әрине, жемқорлықты жою бір күнде,
Ойлашы өзің, мүмкін бе?
Бірте-бірте жойып келеміз,
Мәселені қатаң қойып келеміз.
Ал, сенің қандай кеңесің бар? –
Деді Бастық көтеріп денесін сәл.
Маймыл сонда былай деді:
– Жаратушымыз бір Құдай, – деді.
Біріншіден, қайтып жемқор райдан,
Қорқуы керек Құдайдан.
Екіншіден, халықты тонамауы керек,
Қиянатқа жоламауы керек.
Үшіншіден, жемқорлар дәл ұғып,
Әділ заңға бағынып,
Бір Аллаға сыйынып,
Артық жесе, түйіліп,
Кеңірдектен буынып,
Өлетіндерін білуі керек,
Ел қатарлы әділ жүруі керек.
Бірақ, олар оны ұқпайды,
Құдай түгіл, заңнан да ықпайды.
Біз мықтымыз дей береді,
Түйіліп, тұншыққанша жей береді.
Жалғандықпен жүрсе,
Жемқорлықтан өлетінін білсе,
Жолдары қиылар еді,
Жемқорлық тыйылар еді.
Тек ұран ретінде болмаса,
Әйтпесе, бос сөз далбаса.
«Жемқорлыққа жол жоқ» дегенді
Жемқорлыққа басқа ем жоқ
Дер едім мен енді.
* * *
Маймылды маймыл десек те,
Бұл кеңесті қашан аламыз есепке?
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі