Үкең мен дүкен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Үкең мен дүкен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2078
Үкеңді жұрт даттайды,
Үкең неге жақпайды?
Өйткені, ол дүкенін
Кезінде ашып-жаппайды.
Кейде өткізіп апта, айды,
Үкенді жұрт таппайды.
Бірақ, қайда жүргенін
Сұрауға ешкім батпайды.
Жақсы затты сатпайды,
Үкең үйде сақтайды.
Жең ұшынан жалғасып,
Ағайынға аттайды.
Жемдестері жақтайды,
Жеңдестері мақтайды.
Өйткені, Үкең олардың
Сенімдеріп ақтайды.
Әсте өсек жатпайды,
Тексеруші қаптайды.
Әй, бірақта олар да
Үкеңнен түк таппайды.
Үкеңді «жау» шаппайды,
Үкеңді дау қақпайды.
Жаратушы жар болса,
Үкеңді сау сақтайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үкең мен дүкен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Үкең мен дүкен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үкең мен дүкен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үкең мен дүкен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері