Бостандық таңы атты
Бұл бетте «Бостандық таңы атты» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 28.04.2015
- 1
- 25
- 79164
Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,
Арға ие басшының соңынан еріңдер.
Таң артынан хақиқат күн шығады,
Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер.
Арамдық, аразды түбімен жойыңдар
Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.
Намыс, жігер, бойыңа жиып қайрат,
Қажымай адалдық жағында болыңдар.
Бірлік пен талапты еңбекке салыңдар,
Өнерлі елдерден өнеге алыңдар.
Күндестіктің өзімшіл көзін құртып,
Ұмтылып, ерікті ел болып қалыңдар.
Ар түзер адамның адамдық санасын,
Ақ жеңіп шығады арамның қарасын.
Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп,
Таза ақыл қосылса, әлемнің таласын.
Адамның бәрі бір, болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
Ар билейтін заманда нәпсі өліп,
Бірігер еңбекте барша адам баласы.
Адалдың жері жоқ ақырда жеңбейтін,
Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін.
«Ақ иіліп сынбақ жоқ» деген рас,
Нәпсі өлсе өзімшіл, бұған кім сенбейтін?
Таласпай бөліссе табиғат байлығын,
Қара жер тойғызар адамның барлығын.
Махаббатпен бірлесіп еңбек қылған
Өмірдің көреді бақытты сайлығын.
Бұл өмір таусылмас, жаңарар адамзат,
Арам ой мұтылып, зорлықшыл болар мат.
Адал етсең, енбектің жемісін жеп,
Шалқыған ел-жұртым, боларсың көңілің шат.
Мен өлсем, ұрпағым, артымда қаларсың,
Тілеген мақсұтты өмірден аларсың.
Есіңе алып келгенде қабіріме,
Шаттықпен шалқытып, әніме саларсың!
Тамаша
Керемет
өте керемет
керемет
тамаша өте керемет
Өте керемет өлең Маған қатты ұнады
ен керемет
олен катты унады оте керемет!
Өте керемет өлең
Мен өлеңді оқудамын сендерде окындар
Бул олен ар адамга керамет асер береди .Бир шумагынын ишинде каншама магына жатыр.
Керемет өлең
Өте керемет өлең
Өте керемет жақсы жазылған
Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер!
Как раз мне нужна, всем спасибо, очень крисиво
Оте керемет айтатын сөзім жоқ
Керемет
Керемет толык нускасын бергенге рахмет
Керемет
Керемет олен екен
Керемет
Жандаулет кызым болш
инжу қызым болш
Өте Адеми мен сиякты
Шәкәрім Құдайбердіұлының “Бостандық таңы атты” өлеңін оқып шықтым — бұл шығарма мені еркіндік, тәуелсіздік пен адамгершілік туралы терең ойға жетеледі. Ақын қазағымды бірлік пен талапты еңбекке, жалқаулықтан, өтірік пен өсектен аулақ болуға шақырады, әрі адалдық пен қайраттың маңызын айрықша жеткізген. Өлеңнің “Таң артынан хақиқат күн шығады” деген жолы мені әсіресе рухтандырды — шынайы еркіндік пен ақиқат үшін талпыну әр адамға қажет деп ойлаймын. Осындай өлеңдер арқылы Шәкәрім қазақ поэзиясының рухани байлығын көрсете отырып, әрбір оқырманға өз-өзін жетілдіру мен қоғамға пайдалы істер жасауға шабыт береді — керемет туынды!