Өлең, жыр, ақындар

Өгіздің өкпесі

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1215
Бізді атамзаманнан Өгіз дейтін,
Шөп салып, жем жегізбейтін.
Жайылым кең болатын,
Ауасы ем болатын.
Қамыс құлақты,
Белден келген құрақты
Кешіп жүріп, мол-ақ жейтінбіз,
Тілмен орап жейтінбіз.
Қарын айналып кететін,
Бар дене майланып кететін.
Енді не болды?
Шыққыр көз не көрді?
Жасыл жайлау жыртылып,
Шөп тамыры қырқылып,
Тарылтып төңіректі,
Орнына егін екті,
Біздерді еңіретті:
Өріске бармайтын болдық,
Шөп басын шалмайтын болдық.
Біздерді қорада бағатын болды,
Жемді алдымызға салатын болды.
Сонда, жем деген –
Төгілген терменен
Егілген егін емес пе?
Ал, шөп болса –
Жайылым көп болса,
Еңбексіз-ақ тегін емес пе?
Ай, әттең,
Жайылмаған соң аяқпен,
Жүгерінің сабағы,
Бидайдың сабаны
Бойыңа жұқпайды екен,
Бүйірің шықпайды екен.
Ұстамай тек байлауда,
Еркін айдауда
Жіберсе кең жайлауға,
Сонда нағыз Өгіз болар едік,
Әлдеқайда семіз болар едік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құдірет бар домбыра ішегінде

  • 0
  • 0

Құдірет бар домбыра ішегінде,
Қолыма алып қаққанмын мүшелімде.
Мен онымен қияға көтеріліп,
Мен онымен тереңге түсемін

Толық

Емес пе?

  • 0
  • 0

Түссең егер, қарағым,
Сағат сайын сен еске,
Кірбің тартып қабағым,
Сағынғаным емес пе?

Толық

Періште

  • 0
  • 0

Кейбір түн ішінде
Түсіме кіресің.
Періште пішінде
Көк кезіп жүресің.

Толық