Қоқи Қораз

Бұл бетте «Қоқи Қораз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1482
Қоқи Қораз кафедра меңгерді,
Жас Мекиен иіскеуді жөн көрді.
Билік тиіп отырған соң марқайып,
Өз жұбайы қалғандай еді қартайып;
Балапандары жетілді.
Мейлі, дұрыс, бұрыс-ты,
Таңданарлық бір істі
Бастамаққа бекінді.
Тілегенге – сұраған,
Бір Мекиен тап келді
Сол сұлуға ұнаған
Қоқи Қораз тап берді:
«Қабылдаймын жұмысқа,
Әрі сырттай оқисың.
Бірақ, шықпай тұрмысқа,
Бітіргенше дұрыстап,
Тек ғылымды тоқисың.
Саған деген жол ашық,
Кандидат та боласың»...
Әрі қарай не болды?
Мекиенді қабылдап,
Кәрі жүрек жалындап,
Қоқи Қораз көрсетті шын өнерді,
Шығарды естен қатын, бала дегенді.
Астында әппақ машина,
Отырғызып қасына,
Мекиенмен жөнелді,
Көп қызыққа кенелді...
Таса қылмай көзінен,
Қайда барса, өзімен
Алып жүрді тастамай,
Тірлігі жоқ басқадай.
Қосылғанда бастары,
Күліп жүрді достары:
«Кәрі тарлан қасқам-ай!»
Кафедра тірлігі
Құлдырады төмендеп.
Қоқи Қораз бір күні
Ойламады өлем деп.
* * *
Кафедра кетсін мейлі өртеніп,
Мекиеннің еркелігі – еркелік,
Бар өзінің есебі:
Қорғағанша Қоразбенен достасып,
Дипломды алған күні қоштасып,
Ат құйрығын кеседі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоқи Қораз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қоқи Қораз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоқи Қораз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоқи Қораз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері