Шашылған шегелер
Бұл бетте «Шашылған шегелер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біз Шегеміз, Шегеміз,
Шашыламыз неге біз?
Құрылыста ұсталар
Не істесе де көнеміз.
Тетіктерді бекітіп,
Көкке жетер төбеміз.
Ал, бұл жерде безеріп,
Текке жатыр демеңіз:
Басып өтсе машина,
Доңғалаққа енеміз.
Шоферлардың басына
Біраз бейнет береміз.
Сонда ғана серпіліп,
Сергіп қалар денеміз.
Жатсақ-тағы қайда біз,
Тимесе егер пайдамыз –
Зиянкестік айламыз.
* * *
Ей, жарандар,
Айналаға қараңдар.
Бейқамдықты тастаңдар,
Бізді текке шашпаңдар,
Дұрыс іске бастаңдар.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі