Қасқырдың монологы

Бұл бетте «Қасқырдың монологы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3436
«Адам мені Қасқыр деп,
Қас албасты басқыр деп,
Қатал үкім шығарған:
Қасқыр көрсең, басқа ұр! – деп.
Табиғатта ғажайып,
Тартқан жоқпын аз айып.
Бара жатыр күн сайын
Ұрпағымыз азайып...
Мен жеген мал шынында,
Адам үшін шығын ба?
Ортаймайды отары,
Бір қой жесем жылында.
Көрсетпеген маған күн,
Кім өзі сол Адамның?
Қасқырдан да қанды ауыз –
Құлы нағыз аранның.
Жалмап жатыр жандыда
Аң мен құсты, малды да.
Тіпті, талай тағының
Ізі-түзі қалды ма?
Қараңдаршы байыпты,
Кім осыған айыпты?
Шын жазаға Адамның
Өзі емес пе лайықты?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасқырдың монологы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қасқырдың монологы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасқырдың монологы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасқырдың монологы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері