Бұл бетте «Аю бастық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Саялы бағанда,
Алтынды тағында
Аю бастық марқайып,
Отыр еді шалқайып.
Марал келді бір шақта:
– Кіруге рұқсат па?
– Бауырым, жай ма?
– Жай жүру қайда.
Келіп ем сізге,
Естіп бір сыбыс.
Турасын айтсам,
Іздеп жүрмін жұмыс.
– Диплом бар ма?
– Бар.
– Мамандығың ше?
– Ол да дәлме-дәл.
Отығып күнде мен,
Еңбегіммен күн көрем.
– Қарағым,
Дұрыс екен талабың.
Ал, өзің қайдансың?
– Оңтүстік жайданмын.
Аю басын шайқады,
Жерлесі емес екенін байқады.
– Біраз күннен соң келерсің,
Сонда сөйлесіп көрерсің, –
Деп бастық,
Жұмысты тас қып,
Шығарып салып еді бірді,
Артынша Түлкі кірді:
– Сәлеметсіз бе, ағай,
Халіңіз қалай?
– Рахмет, тәуір,
Ептеп жұмыс ауыр.
Өз жүрісің жай ма?
– Жай жүру қайда.
Келіп ем сізге,
Естіп бір сыбыс.
Турасын айтсам,
Іздеп жүрмін жұмыс.
– Диплом бар ма?
– Бар.
– Мамандығың ше?
– Ептеп келмей тұр дәлме-дәл.
– Ал, өнерің?
– Тілге шебермін.
Бірді-бірге шағыстыра да алам,
Табанда табыстыра да алам.
Бірақ...
– Бірақты қой, шырақ.,
Қайдансың?
– Сізге белгілі болар жай-мәнсім,
Мекенім – Терістік.
– Онда келістік
Отыр,
Анкетаңды толтыр!
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі