Ақымақ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақымақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1133
(Орыстың әзіл әні)

Колумб қаңғыды нешеме жыл,
Жаңа бір құрлықты ашқалы.
Ақымақ!
Одан да ол біздің көшеде бір
Жөн еді трактир ашқаны.
Қайырмасы:
Құй, достым, аяма!
Құй, кәне, кішкентай ыдыспен.
Құй, достым, аяма!
Құй, кәне, кішкентай ыдыспен,
Жылқылар су ішкен.
Коперник әуреленді өмір бойы,
Жер шары тұр ма деп айналып.
Ақымақ!
Одан да ішсе ғой мол бір тойып,
Сонда ол білер еді жайды анық.
Қайырмасы.
Ньютон еңбектенді өмір бойы,
Ашпақ боп қос дененің тартылысын.
Ақымақ!
Қыз сүйсе ғой көңіл қойып,
Сонда ол табар еді жан тынысын.
Қайырмасы.
Дарвин де еңбектенді өмір бойы,
Өмірге келеді деп бала қалай?
Ақымақ!
Үйленсе ғой көңіл қойып,
Сонда ол құшар еді бала талай.
Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақымақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақымақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақымақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақымақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері