Бұл бетте «Сот бары» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Жолдасыммен жақында
Бір қалада болып ем,
Көшелерін шолып ем,
Әңгіме сол қақында.
Көзім бір үйге тоқталды,
Нанайын ба, нанбайын ба?
Жазулы тұр маңдайында:
«СОТ БАРЫ».
Былай дедім досыма::
– Екеуіміз қосыла,
Үй ішіне кірейік,
Не сыры бар, білейік.
Досым айтты:
– Қағынба!
Жөнсіз жерге шабынба.
Сотта қай әкеңнің құны бар?
Қай жездеңнің жыны бар?
Есің болса, алыс жүр,
Дау-дамайдан қалыс жүр...
Қой десе, қозып кететін,
Алға өзып кететін
Әдетіме бастым да,
Есігін аштым да,
Сол үйге кіріп бардым,
Бірақ, босағада тұрып қалдым.
Ақ желеңді бір жеңгей
Ниетімді білгендей:
– Заходите, – деді, –
Молоко не хотите? – деді.
Мен басымды шайқадым,
Сонда барып байқадым:
Бұл сот емес, сүтхана екен,
Яғни, құтхана екен.
Тек, жазуы жұлмаланған,
Қазақ сөзі бұрмаланған.
Мұны бүлдіріп отырған,
Жарнаманы ілдіріп отырған,
Жұртты күлдіріп отырған
Қалааткомдық бөлім ғой.
«О»-сы ұшып қалса,
Түрмеге түсіп қалса,
Нағыз өлім ғой.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі