Ғафур гулям

Бұл бетте «Ғафур гулям» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2870
Арпапайдың көшесінде тұратын,
Жолдас маған өзбектегі ұлы ақын.
Алпыс жылға аяғынан шалдырмай,
Жас күнінің сақтаған нұр,
қуатын.
Май айының қайнап тұрған күнінде,
Болдық біздер Ғафур Гулям үйінде.
Палауымен, көк шайымен сыйлады,
Отырып ап тұт ағаштың түбінде.
Кейде адам өзін-өзі сезінбей,
Ойлайды өзін баяғы жас кезіндей.
Шаштарына қылау тұрып қылаңдап,
Асқар таудың ақ шалса да өзіндей.
Сол тәрізді ол да әлі жас бала,
Шаруасы жоқ өлеңінен басқада.
Арам емес аңқылдаған шын ақын,
Өлең жазған өзбектерге жақсы аға.
Даңқы оның жайылса да ертерек,
Қартаймауға берген оған ел көмек.
Көшесінде келеді ол Ташкенттің,
Өзбегіне, өлеңіне еркелеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғафур гулям өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ғафур гулям өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғафур гулям өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғафур гулям өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері