Бұл бетте «Ауырған келіншек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күйеуі келді досымен,
Келіншегі тұрмады.
Танғандай боп есінен,
Ыңырынып тынбады.
Өтірік ауырып қасқайтты,
Келген қонақ аш қайтты.
Күйеуі айтты келер күн:
«Болыңдар деген қонағым,
Досыма енді не дермін?
Ауырып қалдың, қарағым,
Қалайша жалғыз барамын?»
«Қысылды, – деп, – қос өкпем», –
Көрпесін серпіп тастады.
Содан соң тұрып төсектен,
Әйелі киіне бастады:
«Ауырды деп шошынба,
Қалайша сенен қалармын?
Бірер сағат досыңда
Меймандыққа жарармын».
Болған кезде киініп,
Сәнін түзеп көркем бой,
Күйеуі деді жымиып:
«Шақырғаны ертең ғой».
«Мазақ қылып сен текке,
Ауыртпайсың жөндеп те», –
Деп келіншек бұрқ етіп,
Отыра кетті сылқ етіп.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі