Өлең, жыр, ақындар

Ғылымсыз адам – айуан...

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 4
  • 37318
Ғылымсыз адам – айуан,
Не қылсаң да, ғылым бiл.
Ғылымға да керек жан,
Ақылсыз болса, ғылым тұл.

Ақылға еркiн ой керек,
Матаудан ойды азат қыл.
Әдеттенiп ертерек,
Өрiсiн кеңiт жылма-жыл.

Қырық жасымда ойладым,
Жетпiстемiн мен биыл.
Белдi бекем байладым,
Әдеттендi ой мен тiл.

Атағы шыққан жақсыға,
Ақылды байлап қылма құл.
Шатақ дiн мен дағдыға,
Шоқынба, досым, зиян бұл.

Дұрыс деме құры ойлап,
Ақылға сынат, сабыр қыл.
Жығылмайтын дәлел тап,
Бiрезу болма өзiмшiл.

Мiнiңдi тапса кiм сынап,
Аяғына бар жығыл.
«Қап, бәлем» деп кектi ұнап,
Сақтай көрме ойға зiл.

Бақ, мансапқа сиынып,
Болма боран, жел, дауыл.
Аса сәндi киiнiп,
Қуыршақ болма сәкәкүл.

Тiкенiң болса бойыңда,
Ауырса да, өзiң жұл.
Сергек болсын ойың да,
Ерiншек болма құр масыл.

Адамның ең асылы –
Қиянатсыз ақ бейiл.
Ең зиянкес жасығы –
Тайғақ мiнез, екi тiл.

Сөз, мiнезi құбылса,
Ар, иманы жоқ деп бiл.
Аулақта жемтiк сыдырса,
Оны ойыңмен айуан қыл.

Дұспанға да бол әдiл,
Түсiрме ойға тат пен нiл.
Ұмытпа болсаң бiздiң ұл,
Осы өлеңдi құлаққа iл.



Пікірлер (4)

Әйгерім

Өте керемет өлеңдер тамаша жазылған

Мәделі Нұршапағат

Мен осы жарыс үшін еңбектеніп осыны жаттадым нәтиже өте керемет жүлделі боламын деп сенем

Мәделі Нұршапағат

Өте керемет шыққан

Айша

Ғылымсыз адам – айуан...!

Пікір қалдырыңыз

Қатындар жас баласын күтеді...

  • 1
  • 1

Қатындар жас баласын күтедi,
Аямай қолдан келген шамасын.
Емiзбей, ұрып-соғып, түртедi,
Ержетiп eci кiрген баласын.

Толық

Бір ханның кеудесіне жара шыққан...

  • 1
  • 2

Бір ханның кеудесіне жара шыққан
Оған ем табылмапты тамам жұрттан.
Айтқаны қате кетпес бір балгерді
Әкепті естіген соң даңқын сырттан.

Толық

Тауық неге шақырар сағат сайын...

  • 1
  • 1

Тауық неге шақырар сағат сайын,
Дей ме уақыт өткенiн ұқтырайын.
Кейде зарлы дауыспен ит ұлиды,
Бiлемiсiң, қылып тұр ненi уайым?

Толық

Қарап көріңіз