Өлең, жыр, ақындар

Мұсылмандық белгісі

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2209
Айтайын, достар, сырымды,
Сырымды емес, шынымды.
Мінеки, жаным, иманым,
Мінеки, барым, жиғаным.
Жөндісі тимей пиманың,
Жылынған емес сирағым.
Жататын орным – шұрқ тесік,
Қырық жыл болған диваным.
Қызыққан жоқпын байлыққа,
Жарайтын әрең шәйлыққа,
Мардымсыз еді айлық та.
Иә, бірақ та сыраны
Ішетін едім қаймықпай.
Соған да ағаң мәз еді,
Көңілім көлдей жаз еді.
Оны да Құдай көп көрді,
Ырықсыз нарық дөп келді,
Қызықты дәурен өтті енді.
Бүгінгі сыра сыра ма?
Сапасын, тіпті сұрама.
Жүз есе өсіп бағасы,
Не істерін білмей жүр аға.
Доғарып есер күлкіңді,
Ұмытып дүние-мүлкіңді,
Ойлайсың әуел құлқынды.
Амалсыз көне бастадық,
Салған соң басқа бұл күнді.
Біздерді сайтан азғырып,
Бездіріп діннен, аздырып,
Жатыр-ау Құдай жазғырып.
Әйтпесе, қоймас еді ғой,
Өзекті бұлай саздырып.
Осындай шақта қысылған,
Ойым бар ұқсаң, ұсынған:
Болайық, достым, мұсылман.
Қайтарар, мүмкін, Құдайым
Бақытты бастан ұшырған.
Өзімізді өзіміз қыштайық,
Отыз күн ораза ұстайық.
Кешеді Құдай сол кезде,
Болса да қанша күшті айып.
Өзімізді өзіміз күштейік,
Айтқанын діннің істейік.
Ауызды бір ай ашпайық,
Сәресіні де ішпейік.
Жөн болар сөзді ұққаның,
Нарықтан әлі күт бәрін.
Не болар дейсің жырымдап,
«Запасқа» біраз тыққаның.
Тиімді болар ауызды
Неғұрлым ұзақ тұтқаның.
Артық қой бәрін білем деу,
Қиын ғой жоқты түгендеу.
Негізгі мақсат – құр өлмеу,
Қу нарық қысып тұрғанда,
Тұйыққа мүлдем тірелмеу.
Ораза ұстап екі-үш ай,
Азықты ептеп үнемдеу.
Қысыла жесең – қой қалар,
Тартына жесең – тай қалар.
Мұсылманшылық белгісін
Сақтасаң ғана пайда бар,
Күн туды, достар, ойланар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Желікпенің желдірмесі

  • 0
  • 0

Мен Желікпе, Желікпе,
Желікпені ел көріп пе?
Желіп келем әлі күн
Мінезіммен елікпе.

Толық

Он алтыншы желтоқсан

  • 0
  • 1

Еркін өскен ертеден ел екенбіз,
Кең даладай мейірлі, кең екенбіз.
Байлықпенен жарасқан берекеміз.
Көп қой біздің думан-той, мерекеміз.

Толық

Жесір күйі

  • 0
  • 0

Күні құрсын жесірдің күйеуі жоқ,
Күйеуі жоқ –
Сенімді сүйеуі жоқ.
Келмейді де тұрады көңіл күйім,

Толық

Қарап көріңіз