Тал тағдыры
Бұл бетте «Тал тағдыры» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үй алдында еңселі
Бір тал тұрды теңселіп.
Көктем сайын құлпырып,
Көкке қарай ұмтылып,
Желектерін жаятын,
Жанға рахат сая-тын.
Бірақ, күзде жаман-ақ,
Жел үп етсе шамалап,
Жапырақтары шашылып,
Аяқасты басылып,
Сыпырса да қаншама,
Тағы түсіп соншама,
Жас келінді мезі етті,
Бір сөзінде кезекті
Күйеуіне шүйілді:
– Кесіп таста бұ талды,
Жүйкем әбден жұқарды,
Тазартам деп үйімді.
Жапырағы мол екен,
Бірақ, маған сор екен.
Күйеуі айтты:
– Сүйіктім,
Тал дегенің дарақ қой,
Қандай көркем, қарап қой,
Оны кесер қиып кім?
Қинады әйел күйеуін:
– Осы болса сүйеуің,
Қош айтыс та жарыңмен,
Қала бергін талыңмен.
Төркініме кетемін,
Күйеусіз-ақ өтемін...
Таныған соң сыңайын,
Ері тыңдап жұбайын,
Бір дауылды басқалы,
Талды кесіп тастады.
* * *
Иә, сонда не тынды?
Бір кездегі сүйкімді
Сәні кеткен үй тұрды
Сиыр қора секілді.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі