Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Сырашыл сарбаз

Бұл бетте «Сырашыл сарбаз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1785
Сабазың сыра сатты,
Сатқанда қыра сатты.
Білегін түре сатты,
Көбігін үре сатты.
Нағыз нахал болды,
Құйғаны жарты бокал болды.
Одан түскен пайдасы
Аптада атан болды.
Сабазың дәнігіп алды,
Ел сыңайына кәнігіп алды.
Өкіметке ақша өткізсе,
Өзіне жарамы қалды.
Араны ашыла түсті,
Ақшаны жасыра түсті.
Көбікті қанағат етпей,
Араны ашыла түсті.
Сабазың шын көсілді,
Сыраға су қосылды.
Көпшілік елемеді
Арамза жылпосыңды.
Сыраның дәмі кетті,
Әсерлі әлі кетті.
Сабазың селт етпестен,
Одан да әрі кетті.
Көпірте түсуі үшін,
Лепірте ішуі үшін,
Қуаты күшті екен деп,
Кекіре құсуы үшін,
Сыраға тоспа бөтен –
Ұнтақтан қосқан екен.
Тойымсыз сол сабазды
Темір тор тосқан екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сырашыл сарбаз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сырашыл сарбаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сырашыл сарбаз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сырашыл сарбаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері