Бөлшектенгім келмейді

Бұл бетте «Бөлшектенгім келмейді» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 760
Шуақ болып шашыламын,
қауызымнан ашыламын,
Сіңіремін әр тініме
Тебірентер ғашық әнін.
Өзгелерше күле алмаймын,
Көлгірсініп жүре алмаймын,
Ұқсап баққан кездерімде
Мен өзімді жиі алдаймын.
Дүниені өз көзіммен,
Өзім болып тек көремін!
Ыңғайлансам әлдекімге
Мен өзімді жек көремін.
Бағынбайтын ережеге,
Жалтақтамас дәрежеңе
Жүрек ісін тыя алмаймын –
Бөлшектеніп сүйе алмаймын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөлшектенгім келмейді өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Бөлшектенгім келмейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөлшектенгім келмейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөлшектенгім келмейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері