Наразылық

Бұл бетте «Наразылық» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 631
(тележаңалықтарда айтылған соңғы хабарға)

Бір жаңалық ашқанға ұқсайды бір ғалым,
Кереметін паш етіп тұр ырғалып.
Шығыс елі – Жапония тұрғыны
Темір бала ойлап тапты о, залым!
Өн бойында қан орнында ток жүрер,
Ішпесе де, жемесе де тоқ жүрер.
Және сезу нүктелерін жалғайтын
Денесінде тетіктері көп білем.
Өз сезімін шығара алар сыртына
Бір мейірім білдіре алар жұртына
Қасиеті бар ма екен сол сәбидің,
Көрдіңдер ме осы жағын бір сынап!
Жүрегінен шаша алмайтын саған от,
Онсыз дағы жүрегі тас бала көп.
Мейірімсіз жүрек атқан тастардан
Аналардың жүрегінде жара көп.
Жұмыр жерді мекендеген жерлесім,
Босқа жүру білемін ғой, ерге сын!
Шаш шегініп жарқыраған маңдайың
Өзгеше бір жаңалықтан терлесін!
Темір бала жасағаның не еткенің?
Бала саған ойыншық қой деп пе едің!
Жігіт болсаң, таптырсайшы шын бала
Неге керек қасқа-ау, ТЕМІР-ҚҰЛ бала???


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Наразылық өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Наразылық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Наразылық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Наразылық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері