Маскүнемнің монологы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Маскүнемнің монологы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 7860
Бұл өмірдің тылсым күші – ішімдік,
Біздер оны өзімізше түсіндік.
Бір қуаныш бола қалса, той жасап,
Дос-жаранға ішімдікті ұсындық.
Ішімдікпен көңілдерді көтердік,
Көтердік те, тұла бойға от өрдік.
Арты оның есерлікке айналды,
Істер жасап хайуаннан да бетерлік.
Есімізді келер күні жинадық,
Жинағанмен, басты шағып қинадық.
Жүз граммен шақша басты жазғанша,
Аласұрып, қара жерге симадық.
Қол дірілдеп, қалт-құлт етіп, қашты өң,
Күнде солай жүрсем-дағы аш кілең,
Ертеменен жазамын деп басты өң,
Ақырында болып кеттім маскүнем.
Ең алдымен айырылдым санадан,
Содан кейін қатын менен баладан.
Сырт айналды туыстар да, достар да,
Мені бір кез жақыным деп санаған.
Міне, менің мүсәпір боп жүрісім,
Күннен-күнге тарылуда тынысым.
Жеркенішті ит тіршілік құрысын,
Өмір сүрем, өмір сүрем кім үшін?
Іштім бірде шақырам деп шабытты,
Табанасты боламын деп бақытты.
Ақырында тұманданып көздерім,
Құшақтадым қара жер мен табытты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маскүнемнің монологы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Маскүнемнің монологы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маскүнемнің монологы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маскүнемнің монологы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері