Бұл бетте «Неге қайттым Гаградан?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Гаграда болып едім,
Бір сұлуды көріп едім.
Жастық шақты есіме алып,
Ағыл-тегіл еңіредім.
Қош айтысып қайта бердім,
Мұңлы әнімді айта бердім:
«Бос шелектей қаңыраған,
Неге қайттым Гаградан?»
Жаппар ӨМІРБЕКОВ
Ішім түгел еріп кетті,
Запранға толып кетті.
Қайғы уын ішпеген ем,
Мұндай күйге түспеген ем.
Енді қайтып көремін бе?
Қайта айналып келемін бе?
Ет жүрегім елжіреді,
Көре ме ол енді мені?
Жылай бердім, жылай бердім,
Өз-өзімнен сұрай бердім:
«Бос шелектей қаңыраған,
Неге қайттым Гаградан?».
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі