Айырбас

Бұл бетте «Айырбас» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1299
Балқанда,
Әлде Қырымда.
Бір аңқау жан болыпты.
Күні бойы пырылдап,
Тек ұйқыны соғыпты.
Қандырған соң ұйқысын,
Кешке қарай тұрады.
Жаюға бес жылқысын,
Түнде айдап шығады.
Соны ғана бағады,
Сол бес жылқы – байлығы
Жоқ басқадай алаңы,
Көрмейді мұң-кайғыны.
Мұны естіп бір залым.
Сол аңқауға келеді:
– Еңбегіңе ырзамын, –
Деп сәлемін береді.
Түніменен, Бауырым,
Бес жылқыны бағасын,
Білем еңбек ауырын,
Қашан тыным аласың?
Одан да бес жылқыңа
Берейін мен алты ешкі.
Шықпай ауыл сыртына,
Өткізесің әр кешті.
Ешкі деген кебенек,
Жайылмайды түнеме ол.
Саны да көп,
Не керек,
Кел, айырбас,
Міне, қол!
Сол аңқау жан жылқысын
Айырбастап алады.
Түнде ұйықтап ұйқысын,
Күндіз ешкі бағады...
Көп күннен соң қу залым
Оған тағы келеді:
– Еңбегіңе ырзамын,–
Деп сәлемін береді.
Күніменен,
Бауырым,
Алты ешкіні бағасың.
Білем еңбек ауырын,
Қашан тыным табасың?
Одан да алты ешкіне
Жеті тауық берейін.
Ұйқың тыныш кешкіде,
Күндіз де үстем мерейың.
Тауық деген керемет,
Үйден шықпас үнемі ол.
Саны да көп,
Не керек,
Кел, айырбас.
Міне, қол!
Сол аңқау жан ешкісін,
Айырбастап алады.
Жемін шашып кешкісін.
Тауықтарын бағады.
Көп күннен соң қу залым
Оған тағы келеді.
– Еңбегіңе ырзамыз.–
Деп сәлемін береді.
– Күні-түні,
Бауырым,
Тауықтарды бағасың.
Білем еңбек ауырын,
Қашан тыным аласың?
Мына тауықтарына
Қырық жұмыртка берейін.
Жемейді олар тары да,
Қашан да үстем мерейің.
Жұмыртқалар керемет,
Балапан боп өреді.
Саны да көп,
Не керек,
Байлығыңды ел көреді.
Сеніп аңқау тауығын
Айырбастап алады.
Жұмыртқа деп сауығым,
Жайлап күлім қағады.
Көп күннен соң бір кісі
Аңқау жанға келеді.
Аппақ қудай түр-түсі,
Жылы сәлем береді:
Аманбысың, бауырым,
Жұмыртқа екен тапқаның.
Білем еңбек ауырын,
Бірақ, бекер жатпағын.
Жұмыртқаңа шын балап,
Дән берейін бір дорба.
Жерді жыртып, тырмалап,
Сеп апарып тың жонға.
Еңбек етсең аянбай.
Күз көрерсін ҚЫЗЫҒЫН,
Жүріп кетгі аяңдай.
Осыны айтып Қызырың.
Жұмыртқасын сол аңқау
Айырбастап алады.
Жата бермей самарқау,
Қырға егін салады.
Еккен егін жайқалып,
Қуанышқа бөледі.
Ер еңбегін қайтарып,
Күзде астыққа кенелді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айырбас өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Айырбас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айырбас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айырбас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар