Бұл бетте «Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кеттің бе енді, кеттің бе,
Бұл дүниеден өттің бе?
«Жесірлік» деген сұм тағдыр,
Басымды бүркеп жеттің бе?
Өлсемші, Алла, өлсемші,
Мені жұртым көмсеңші.
Арысым қалып, мен өліп,
Ел-жұртпен бірге жүрсеңші.
Жан үнім шықты-ау сызылып,
Арманым сөнді-ау үзіліп.
Бір ауыз тіл қатсаңшы,
Елің тұр тұтас тізіліп.
Машина мынау қаптаған,
Қара жерді таптаған.
Көшіріп қайда барасың?
Бағланың еді-ау баптаған.
Біз қалдық енді зарланып,
Жүрекке қайғы байланып.
Күңіренсек те ел болып,
Арысым келмес айналып.
Қош бол, енді арысым!
Шырқырып қалды дауысым.
Қиямет-қайым болғанда,
Жаннаттан елің танысын!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі