Өлең, жыр, ақындар

Келіннің атасын жоқтауы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 29.08.2019
  • 0
  • 0
  • 6919
Аспаннан ұшқан самұрық,
Жұлдыздай кетті-ау ағылып.
Айрылман деген атам-ай,
Айрылып қалдым не қылып?!
Мінгенде атым бурыл тай,
Алтын қазық сурылды-ай.
Атекем сені ойласам,
Амалым менің қурылды-ай.
Айналайын атам-ай!
Ықылас берген батаң-ай.
Осынша сізді қинайтын,
Жоқ еді ғой қатаң-ай.
Атекем сізді силағам,
Шын жүректен қимағам.
Арқан соғып, арық қазғанда,
Шыбын жанды қинаған.
Асқар таудай биігім,
Жаралы болған киігім.
Жазықсыздан мерт болдың,
Түгемес іштен күйігім.
Көлде жүзген ақ балық,
Торға түсті-ау алданып.
Біз жыламай кім жылар,
Артыңда қалдық зарланып.
Дауысым шықты-ау талығып,
Бізді кетті налы қып.
Жүректің шерін ағытам,
Атаекем сізді сағынып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келіннің атасын жоқтауы өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Келіннің атасын жоқтауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Келіннің атасын жоқтауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келіннің атасын жоқтауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері