Есмағамбетті әйелінің жоқтауы – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Есмағамбетті әйелінің жоқтауы» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3516
Биссимилла сөздің басына,
Ағайын келді қасыма.
Бір күнгідей болмаған,
Дүние деген осы ма?!
Көңілден қайғы босатсам,
Келер ме көздің жасына?!
Жыламай нағып шыдайын,
Кешегі өткен асылға?!
Асылым түсті қолымнан,
Қанатым сынды оңымнан.
Құдай қосқан жайсаңым,
Адастырып жолымнан.
Отыз төртке келгенде,
Ұядан ұшты алғаным,
Дүниенің білдім жалғанын.
Мезгілсіз келді кезегім,
Қызығыңа қанбадым.
Кәлам шәріп хат оқып,
Ісләм жолын аңдадың.
Жан тәсілім болғанша,
Ақылыңнан танбадың.
Сонда біліп ойладың,
Құданың назар салғанын.
Амандаспақ сол күні
Көңілде болды арманың.
Амандастың жұртыңмен,
Бұйрығы деп Алланың.
Иманыңды құрметтеп,
Періште келсін хабарға.
Артында қалған біз нашар,
Іздегенмен табар ма?
Кешегі сөнген шам-шырақ,
Орнына қайтып жанар ма?!
Дәуірлеп ұшқан бала құс,
Тұғырға қайтып қонар ма?!
Дүние дәулет болса да,
Алғанымның тұсындай,
Енді дәурен болар ма?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есмағамбетті әйелінің жоқтауы өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Есмағамбетті әйелінің жоқтауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есмағамбетті әйелінің жоқтауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есмағамбетті әйелінің жоқтауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері