Баланы жоқтау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Баланы жоқтау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған жоқтау өлең берілген.

  • 30.08.2019
  • 0
  • 0
  • 19550
Айрылдым қайран құлыным,
Қолқа жүрек жұлыным.
Кеше ғана жүр едің,
Секеңдеген тиыным.
Зар болды ғой құлыным,
Жылаумен өтер бұл күнім.
Жас кеттің ғой, қайтейін,
Бақшадағы бұлбұлым.
Арманда кеткен жас өлім,
Ерімес қара тас өлім.
Жаралы менен жалғызға
Қарамаған осы өлім.
Әуеден ұшқан ақ ұлар,
Балақта жүні қағылар.
Кеше де жүрген құлыным,
Іздесем қайдан табылар?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері