Бажа – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Бажа» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әні бірге, бажаның назы бірге,
Жарасады онымен әзілің де.
Көңіліңді көтеріп көкке сонау,
Орнатады бір өзі-ақ жаз үйінде.

Қайырмасы:
Бар қазақтың базары,
Ағайыңның ажары.
Табармысың жер-көктен,
Тап осындай бажаны.
Көрінеді өзгеше жұрт ішінен,
Шыққан күндей жарқырап бұлт ішінен.
Аңыратып айтады әніңді де,
Жадыратып жанынды күлкісімен.

Қайырмасы.
Жанымызды жалғыздық жүдетпейді,
Аңқылдаған ән-күйсіз күн өтпейді.
Апасы мен сіңлісі тату болса,
Арамыздан біздердің қыл өтпейді.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері