Ерінің жыл асын беру жиынында айтқан жоқтау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ерінің жыл асын беру жиынында айтқан жоқтау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған жоқтау өлең берілген.

  • 31.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3903
Ұстаздар соққан күбідей,
Төрт қырлы алмас жебедей.
Қатарының ішінде
Қадірлі кісі атанды,
Аударылған кемедей.
Үйімнің сынды тұлғасы,
Елде қалды құрдасы,
Төсекте қалды жолдасы.
Ағасы байғұс не қылсын,
Інісінен айырылып,
Сарсылып қалды бір басы!
Ағасы байғұс не қылсын,
Тұяқтан тайса сырғасы!
Шар айнам жүзі тотталды,
Алладан бұйрық жеткесін,
Нәубетті күні біткесін,
Бас ием жалғыз аттанды-ау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері