Марқұмның жылдығында айтылған жоқтау

Бұл бетте «Марқұмның жылдығында айтылған жоқтау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.08.2019
  • 0
  • 0
  • 7423
Жетім-жесір атану
Лайық па еді біздерге?!
Жыл айналды келмеді,
Болмады күдер үзбеуге.
Із-тозы жоқ жоғалттық,
Дәрменім жоқ іздерге.
Көкірек толған қайғы-шер,
Төгейін, ел-жұрт, сіздерге.
Айтайын, жұртым, ойымды,
Болса сөзім орынды.
Сабазымдай пана боп,
Кім түзер оң мен солымды.
Аяулы қайран сабазым,
Аруағыңа табынам.
Көңілім менің алаң-ды,
Өмірде сенің жоғыңнан.
Қасиетіңді адамдық
Өмір бойы сағынам.
Құдайға бәрін тапсырдым,
Не келеді қолымнан!
Өзің жоқсың ақылшы,
Күн үшін кімге жалынам.
Қапыда сенен айрылдық,
Баста бақтың жоғынан.
Осы күнге кез болдық,
Маңдайдың қалың сорынан.
Дүниені опасыз,
Сенсіз де енді не қылам?!
Жайдары, жарқын жүзіңді,
Сағынбай қайтып тұра алам?!
Ойлағанда өзіңді,
Безіп те жүрмін жанымнан.
Біліп те жатыр ма екен,
Мен бейбақтың хал-жайын!
Ұрпаққа қара демесең,
Алып та кетсең, мен дайын.
Арманда кеткен асылжан,
Қапыда кеттің қасымнан.
Ұжданы күшті ер еді,
Құс ұшпаған басынан.
Болжаусыз ажал кез келіп,
Айырды асыл затымнан.
Жетім-жесір біз болдық,
Маңдайға таңба басылған.
Ақылға жүйрік зерегім,
Еңіреп туған ер едің.
Жоқтамай қайтып тұрайын,
Құласа бәйтерегім.
Айдын көл еді сабазым,
Тартылып шөл болғаны-ай.
Жесір деген ат алып,
Мен де бір болдым сор маңдай.
Қос қайғы басты иықтан,
Жүремін қайтып толғанбай.
Алды бар да, арты жоқ,
Опасыз дүние жалған-ай!
Ел иесі ер еді,
Арманда аруақ болғаны-ай.
Өмірі қысқа болғаны-ай,
Аруақ ата қолдамай,
Қырына Алла алғаны-ай.
Қос шаңырақ бірдей шағылып,
Ауыр салмақ салғаны-ай.
Күйзеле беріп қайтейін,
Сырымды менің жыл ұққан.
Есімді жиып бір жерге,
Сусындадың тұнықтан.
Тірліктің берсін ләззәтін,
Алыстан да, жуықтан.
Алданыш етіп өтейін,
Паршасын қалған сынықтан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Марқұмның жылдығында айтылған жоқтау өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Марқұмның жылдығында айтылған жоқтау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Марқұмның жылдығында айтылған жоқтау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Марқұмның жылдығында айтылған жоқтау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері