Абайкөк (5 ­нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Абайкөк (5 ­нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2019
  • 0
  • 1
  • 1310
Сылаң қаққан сипатын көрмегендей, Абайкөк,
Денесі мен мүсіні сөйлегендей, ай-ай деп.
Сұлу сымбат жайдары балбыраған, Абайкөк,
Еш адамға көз қиып бермегендей, ай-ай деп.

Қайырмасы:
Бар тілеуім көңілімдегі
Жалғыз ғана сіз-ай деп.
Ойдан өмір кетпейтұғын
Сіздің ақша жүз-ай деп.

Иығына жамылған жібек шоқа,
Жағасы мен етегі тіккен оқа.
Көз тойғандай қараса келбетіңе,
Ондайлы денесіне киім жұқа.

Қайырмасы:
Бар тілеуім көңілімдегі
Жалғыз ғана сіз-ай деп.
Ойдан өмір кетпейтұғын
Сіздің ақша жүз-ай деп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Балым

5/6шумақтық оңай өлең керек

Осы автордың басқа өлеңдері