Абайкөк (6 нұсқа)
Бұл бетте «Абайкөк (6 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарағым, айналайын, мінезіңнен-әй, Абайкөк!
Келмесең шақырғанда, кінә өзіңнен,
Әй, бір көрсем сені, арманым жоқ!
Толғатып тоқсан әйел ұл тапса да, Абайкөк.
Садақа соның бәрі бір өзіңнен,
Әй, бір көрсем сені, арман жоқ!
Жапалақ жалбаң-қалбаң ұшар сайдан, Абайкөк.
Лашын құс қуып жетер әлде қайдан,
Әй, бір көрсем сені, арман жоқ!
Шырқаған еркін даусың жүрегімде, Абайкөк,
Ауылың алыс кеткенде-ай, қарағым.
Аршын төс, алма мойын келдің қайдан?
Әй, бір көрсем сені, арман жоқ!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі