Өтірік өлең – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Өтірік өлең» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 03.09.2019
  • 0
  • 1
  • 3962
Басында керегенің үрген қарын,
Демалмастан көтердім соның бәрін.
Көп қатын сиыр сауып, май алмайды,
Шіркей сауып май алдым алты қарын.
Басында керегенің үрген қуық,
Көтеріп түйеге арттым аузын буып.
Жануар ол артқаным мая екен,
Қуықты көтере алмай қалды туып.
Бір-екі битті мініп жетеледім,
Ауылым Араншыны төтеледім.
Құдайдың бұл да болса берген бағы,
Атып ап алты қоян кете бердім.
* * *
Дарияның ар жағында от көргенмін,
Қайнаған суық суға ет көргенмін.
Құдайым өтірікті айтқызбасын,
Еркекті егіз туған көп көргенмін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Шапағат

ЕРКЕМ -АЙ ҰНАДЫ

Осы автордың басқа өлеңдері