Жыр алыбы Жамбылым – Чарапиева Мәншүк

Бұл бетте «Жыр алыбы Жамбылым» атты Чарапиева Мәншүк жазған поэзия туралы өлең берілген.

Заман сырын жырлаған Жамбыл бабам,
Әз бабаның жырымен жаңғыр далам.
Әр айтқаны бабамның шыңға бастар,
Алыптардың соқпағы даңғыл маған.

Ұмытылған дарындар жүздеп өтті,
Домбыраның күмбірі бізге жетті.
Мақамыңнан айналдым қос ішегім,
Қасиетіңді сан ұрпақ іздеп өтті.

Мен әлемді ұққалы әлем мені,
Уақыт ,тарих бәрін де дәлелдеді
Шырылдаған ақиқат шындық қана,
Жамбылдайын ақынның жан өрнегі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек міндетті түрде болу керек (тырнақшасыз) .
Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады. Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар. Автор деген жері бос қалып, авторы өзім деген белгі басылу керек.

Осы автордың басқа өлеңдері