Алфавит сыры – Жарасқан Әбдіраш

Бұл бетте «Алфавит сыры» атты Жарасқан Әбдіраш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2019
  • 0
  • 1
  • 12985
Алфавиттің
А тұрады басында,
Әрқашанда
Ә тұрады қасында,
Байқадың ба?
Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде?
Түсінші:
А деген ол –
Аналар ғой, ардақты,
Ә деген ол –
Әкелер ғой, салмақты.
Б деген ол –
Балалар ғой әдемі,
Біздің елде
Үшеуі де кәделі…
Алшақ кетпей,
Сондықтан да расында,
Тұрады олар
Алфавиттің басында!..


Пікірлер (1)

Бахадыр

Усы қосықты 1 класта Әлиппе байрамында айтып шығып едим 1999-жылда

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері