Тәтті тілек
- 0
- 0
Өмір деген арпалыс қой дүрбелең,
Өтіп жатыр өмір жалған күнменен.
Кейде сәтті, кейде сәтсіз күн туып,
Жүректегі жан қалауын білмеген.
Бұл бетте «Жанарыңа жан досым» атты Esenbol жазған достық туралы өлең берілген.
Өмір деген арпалыс қой дүрбелең,
Өтіп жатыр өмір жалған күнменен.
Кейде сәтті, кейде сәтсіз күн туып,
Жүректегі жан қалауын білмеген.
Бір-біріне ұқсамай бір күніміз,
Қыс келіп, кейін қарай жылжыды күз.
Өлшеп берген өмірдің өзі бақыт,
Байқамаймыз аңғарып тым мұны біз.
Кейде мені түрлі ойлар мазалайды,
Адамдар көп көңіліңе қарамайды.
Аяғыңа тіке тұрып алға ұмтылсаң,
"Жете алмассың"-деген сынмен қаралайды.
Кей жолдастың байқасаң мінез, құлқын,
Кейде — кірбең керілген, кейде сылқым.
Кейде жылы шыраймен жақындасса,
Кейде — сөзге үйір-ақ қиқым-сиқым...
Оншақты өлең бастырып,
Жаңа көріне бергенде, —
Мақтанып кетсе асқынып,—
Күлкі емес пе білгенге?..
Модератор
Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек.
Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.