Аңыз сынды ақиқат
- 0
- 0
Сөгіліп сел боп мұзынан,
Көңілге салды үрей қыс.
Шонжының қарлы құзынан
Дүрілдеп жетті дүлей күш.
Бұл бетте «Сыр сағаты» атты Мөлдір Надыр жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сөгіліп сел боп мұзынан,
Көңілге салды үрей қыс.
Шонжының қарлы құзынан
Дүрілдеп жетті дүлей күш.
Көкпеңбек таулар көшіне
Жарқылдап құшақ жайдым мен.
Секіріп келдің төсіне
Құшақтастым жасыл айдынмен.
Қара орманды бұлтты күні
Дауыл айтты көшірем деп,
Күркіреп күн шықты үні
Жауын құйып өшірем деп.
Сұп-сұр болып көшеді бұлт аспаннан,
Сұрғылт бұлттай қаланған сұр тастардан.
Бетін шайып жаңбырдың тамшылары,
Сұп-сұрғылт үй мөлтілдеп тұр жастардан.
Модератор
- авторы өзім - деген жазудың үстіне басу керек.
Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.