Гүл қыздар – Арайым Мирамбекқызы

Бұл бетте «Гүл қыздар» атты Арайым Мирамбекқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бұл өмірдің гүлдері ару қыздар,
Инабатты, ибалы, сұлусыздар.
Ата - анадан үлгі алған бала кезден,
Отбасыны сипаттар айнасыздар.
Әке үшін Жәннәттың кілтісіздер,
Ана үшін жан жұбатар құрбы сіздер.
Үйіңізден алысқа кеткен кезде,
Бірге туған бауырыңыз сізді іздер.
Сондықтан да бол жақын отбасыңа,
Бос нәрсеге қызығып, құмарланып,
Өткізбе алтын уақытыңды құр босқа...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар