Көктемгі дала – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Көктемгі дала» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1888
Көктемгі дала...
Кең дала,
Бусанып жатты жер жаңа.
Ала қанат төскейге
Қадады уық ел жаңа.
Боз жусан басы көгерді,
Төскейге жаңа төл өрді.
Көкжиек жақтан көк сағым
Көзіңді арбай жөнелді.
Ауада жаңа, жас иіс,
Албарда құйттай жас шыбыш.
Аузымыз тиді-ау аққа да,
Баянды болғай осы ырыс.
Жөңкиді бұлттар асығыс,
Бүркеді жаңбыр жас иіс.
Қатал да болса қайырымды,
Қайырымды болды-ау осы қыс.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері