Өлең, жыр, ақындар

Тыншымаймын сөнбей жүрек шырағым

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 564
Тыншымаймын сөнбей жүрек шырағым,
Тұла бойдан толқып-тасып бір ағын.
Қанша өлең жазсам-дағы, мен әлі
Түк жазбаған сияқты боп тұрамын.
Жарық күн ғой жүректегі ұраным,
(Жарығым-ау, жастың несін сұрадың?)
Қанша өмір сүрсем-дағы, мен әлі
Жаңа өмірге келгендей боп тұрамын.
Ақынмын деп несін досқа мақтанам,
Бірақ ерте таңылды осы ат маған.
Қанша жолды жүрсем-дағы, мен әлі
Өз жолымды сияқтымын таппаған.
Қайран көңіл басы қатты асаудай,
Өршеленер өрге көзге жас алмай.
Қанша сусын ішсем-дағы, өмірден
Бір шөлімді өтіп барам баса алмай.
Сұлулықты, ұлылықты жыр еттім,
Тұла бойды билеп алып бір екпін.
Қанша ғашық болып қыран жігітке,
Сөндірумен өттім өртін жүректің...
Жана берсін, қалғымасын шырағым,
Келтірейін домбыра күй құлағын.
Қанша өмір сүрсем-дағы, әр таңның
Күніне мен ғашық болып тұрамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білмей тұрмын, жер қандай, аспан қандай

  • 0
  • 0

Білмей тұрмын, жер қандай, аспан қандай,
Жүрегімнің көзінен жас тамғандай.
Мынау жердің үстінде сен болмасаң,
Болар дүние қаңырап, бос қалғандай.

Толық

Ас беріп жатыр

  • 0
  • 0

Ас беріп жатыр,
«аруақ» үшін елімде,
Айып етпе, келіп тұр аз сөз көңілге.
Аға, маған алқа бермей, қамшы бер,

Толық

Тамсанам мына өмірді жаңа танып

  • 0
  • 0

Тамсанам мына өмірді жаңа танып,
Қиялым қанатты үннен қанат алып.
Кеткендей қас қағымдық көзіме бір
Жаңбырдың тамшысымен әуе тамып...

Толық