Өлең, жыр, ақындар

Астана

Айбынды елбасымыз «Астана» деп атаған
Сан ойлаумен, сені іздеумен шаршаған.
Тауысып бар елдімді шарлаған,
Асқақ арман қаласың сен аңсаған.
Нағыз сені тапқаннан соң Нұр ағам
Алтын әріп төріме кеп орнаған.

Асқар таусың сен маған қол жетпейтін,
Сағымдайсың елес болып көрмейтін,
Түндеріңде жұлдыздарың сөнбейтін,
Ашық аспан аясында өрлейтін,
Нұрлы таңың күніменен төрлейтін,
Аяулы жан бір өзіңе қарауменен сенбейтін.

Аспаныңмен астасқан бәйтерегің,
Сән түзеген үйлерің мен терегің,
Тұрғандайын құлпырып барлық реңің,
Айтар болсам, бәйтерек кереметің,
Нәр берген бас қалаға төс кіндігің,
Айқайлап жар салсаң да өз теңдігің.

Арнасына сыймастан Есіл ағып жатқанда,
Сәуле шашқан шапағатпен әрбір таңың атқанда,
Тары, бидай, жүгері неге өсіп шықпасқа,
Астықпенен ел тыныстап тұрғанда.
Несібесі деп білемін қашанда,
Алла жолдан тайдырмағын әманда.

Анасың сен елімізді дамытқан,
Сұлусың сен бізді әлемге танытқан,
Тағдыр сені керемет қып жаратқан,
Ардақтап кеп төр басына орнатқан.
Не болса да бар сыйлығын дарытқан,
Алғыс айтам Аллама барша қазақ атынан.

Гүлдей жайна, өсіп толғын Астана,
Шың басына өрлей бергін Астана.
Жаңа туған сәбидейсің жас қана,
Жығылмасын туың сенің бас қала.

Ақ ниетпен бақыт нұрын тілейін,
Мақтан тұтып әрқашанда жүрейін.
Бесігіңе бөле мынау халқыңды,
Елімізден тек жетістік көрейін.

Білмеппіз ғой жылдар өтіп кеткенін,
Жылдар жылға толуменен жеткенін.
Алдамшы бұл уақыттың несін айтам,
Ғасырлармен өміріңді өткергін.

Астықтарың дәніменен көп болғын,
Сарайларың сәніменен дөп тұрғын.
Тілейінші тек жақсылық шоқтығын,
Айдай сұлу әсемдікпен бетке ұрғын.
Нұрсұлтандай Елбасымыз тұрғанда,
Астанасың, мойындатпан Қазақстан жоқтығын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз