Түсіне алмай, ауырады сау жаным
- 0
- 0
Түсіне алмай, ауырады сау жаным,
Күйіп тұрған тірлігіне сауданың.
Гүрілдеген жол шуының ішінен,
Гүлге ғашық бұлбұл дауысын ауладым...
Бұл бетте «Мен жастарға сенемін» атты Зухра Тұрсынбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түсіне алмай, ауырады сау жаным,
Күйіп тұрған тірлігіне сауданың.
Гүрілдеген жол шуының ішінен,
Гүлге ғашық бұлбұл дауысын ауладым...
Ай көзінен қарашы, жас тамады,
Адамзатқа құпия аспан әлі.
Менің көңіл күйімді, тағдырымды,
Планеталар одағы басқарады.
Оттарына оты түсіп көзіңнің,
Бойыңды сәт, асау құйын, жел жеңді.
Көкірегіңе бастың... тартып сезімнің –
Нүктесіндей, серіппелі кеудемді...
Сезім бе, сәттік бар таңым,
Жалықтым, елтіп, еруден.
Сүйейін десем, қорқамын,
Еркімді саған беруден.
Ақ жүзіме «айнадан» көп қарадың,
Өмір деген сияқты көкпар, ағын.
Түс көргендей күй кешіп жол үстінде,
Сағыныштың сары бұлтын бетке аламын.
Ән салғандай ояу жел, ояу далада,
Көзіңдегі сезімде бояу бола ма?
Күрсіне берем, кешігіп кездескеніме,
Жарық дүние, өтпелі аялдамада...
Бексұлтан
Жақсы. Өзі жазған өлеңдерді қалай қосуға болады.
Алма
Сайтқа тіркеліп енгізуге болады.