Төзім деген не?

Бұл бетте «Төзім деген не?» атты Жанна Жумабаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

"Төзім" деген сабырлықтың бір сыңары
Онымен байланысқан өмір сәні
Уақыттың өтіп жатқан желісімен
Адамның кім екенін ұқтырады

Бұл төзім "ашудай" дұшпаныңа
Күші жоқ екендігін танытады
Мінезі жұмсақ жанның тағдырында
Жүрегін үнсіз ғана ауыртады

Төзімі бойында бар адамдарға
Көрсетер жақын етіп алыстарды
Барлығы жақсы екен деп қабылдатар
Жақынға қолы жетпей жатса дағы

Сенеді келер күнге шын көңілмен
Уайымы тұншықтырып жатса дағы
Басқаның пікіріне қарап жүріп
Өзінің осалдығын байқатады

Бір алла өзі бәрін жөндейді деп
Өзінше тәуекелге аттамайды
Аз ғана қуанышқа риза болып
Уақыттың өткенін де байқамайды

Басқа жан риза болса болды екен деп
Өзінің жағдайын еш ойламайды
Өзгенің пікіріне басын изеп
Байқамай қалады өзі алданғанды

Шынында өмір бір -ақ берілмей ма?
Дұрыс па өзін -өзі ойламауы?
Төзімді емес жандар дей алам ба
Өзі үшін тіке тұрған адамдарды

Төзудің пайдасы да жоқ демеймін
Егерде құрметтесе төзген жанды
Керегінде төзімді болған дұрыс
Егерде өтіп жатса уақыт мәнді

Басқаның ойы мүлдем керек емес
Түсінсе болды емес пе жақын жаны
Өмірде ең ақылды кімдер? десе
Айтар ем барлығына төзген жанды


Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төзім деген не? өлеңінің авторы кім?

Жанна Жумабаева — осы өлеңнің авторы.

Төзім деген не? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төзім деген не? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жанна Жумабаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төзім деген не? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер