Астана - бас қалам – Айдын Оңласын

Бұл бетте «Астана - бас қалам» атты Айдын Оңласын жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Елордам менің-Астанам
Есіміңмен мақтанам.
Қазақстан жүрегі,
Мақтанышым,бас қалам.

Сұлулық пен парасаттың көзісің,
Туған елге арнап айтар сөзімсің.
Әлемдегі қалалардың алдында,
Сөз жетпейтін ғажап қала өзіңсің.

Көркейіп, гүлденесің Нұр-Астанам,
Еуразия жүрегі-сен бас қалам.
Көркіңе көз тоймайды сұлу гүлдей,
Әлемде сендей қала бірен-саран.

Бәйтерегің таласқан көк аспанмен,
Кейіпің сипатталар жыр-дастанмен.
Еліміздің жүрегі бас қаласы,
Қадам басар болашаққа бұл жастармен.

2013

https://www.instagram.com/adebimedia


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар