Ұйқысыз ұйқы – Абзал Алтый

Бұл бетте «Ұйқысыз ұйқы» атты Абзал Алтый жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сана ояу, көңілдегі күй тұман
Зер саламын сүреңсіз мына сиқыма
Өткен-кеткен сәттегі ойға шырмалып
Ояу жатып, кетемін терең ұйқыға

Қиялдап жатып бойыма сыймай күш деген
Арманның жұтам жемісін әлі піспеген
Өршітіп алып өзімді таппай өңімнен
Ояу жатып, кей кезде қатты түс көрем

Шөл даланың шаңға ұласқан шағы ұнап
Желге мінген, жазықтың құмды бағы ұнап
Сағаттардың кейде тілін түсінбей
Ұйықтап жүріп, ұйықтап кетем тағы да

Орала алмай әлемнен өзге шын кезге
Ол жақта басқа,өтетіндей күн лезде
Іштен естілген үрейлі өз дауысымнан
Ояу жүріп,оянып кетем бір кезде

Түсініксіз...таңғы алты...не жазам?
Мына түнде болмайтындай кейде азан
Өң мен түстің арасында сенделтіп
Ойпырым ай менің өмірім неткен беймаза! (С) Абзал Алтый ‌


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Адай

Қызық өлең екен, ұйқысыз ұйқы ең жаман нәрсенің бірі

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар