Өлімді жиі есіңе ал! – Абзал Алтый

Бұл бетте «Өлімді жиі есіңе ал!» атты Абзал Алтый жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жазда қысты,көктемде тағы күзді аңса
Күпірлігіңнен қайтесің жүрек сызданса?
Уақытқа құлмыз,уақытша жүрміз...жалғанда
Өмірді мынау сүреміз дейсің біз қанша?

Жақынды жат де,өкпелет бәрін,өкпеле
Пендеге жақсы,жаманың да жетпеген
Тәубаға зар боп,әйтеуір бар боп жүргенде
Қамшыдан қысқа,өтеді жетпей көпке дем

Сүрінсең жатып,өмірден түңіл,түңілме
Бұлыңғыр ертең,шүкірсіз жетсең бүгінге
Өткенің сабақ,беретін жауап келер күн
Ақиқат-өлім,табады бізді түбінде

Бітері бітіп,пендеміз бәрін кеш ұғар
Қанағат болса, бірінің бірде несі бар?
Қараңғы тартып,қараймас үшін жүрегің
Бір сәтте келер өлімді жиі есіңе ал!
Ойладың ба?
Өзіңе нәпсі жау неге?
Жеңісің-жеміс,жеңілсең жанды әуреле
Болсын десең баянды екі дүниең
Алланың берген нығметіне тәубе де! (С) Абзал Алтый


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлімді жиі есіңе ал! өлеңінің авторы кім?

Абзал Алтый — осы өлеңнің авторы.

Өлімді жиі есіңе ал! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлімді жиі есіңе ал! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Алтый өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлімді жиі есіңе ал! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар