Эссе және өлең-жыр байқауы

Мұқағали Мақатаев

Тұрсада қанша алдына келіп ажалы
Қалам мен қағаз болғанды бар базары
Жүрек егер сыз етіп дамыл бермесе
Қаламды арнап мұңын шертіп жазады

Сарғайып жатып,
Сағынған туған өлкені
Жолға қарай ендігі жанар сөнеді
Күткенмен бақыт қайта оралмайды ғой
Қара жер қуыс құшағына бөледі

Болашаққа арыз жазып кеткенде
Көгеріп көктем асыға бізге жеткенде
Еске аламын қолға қалам алып ап
Сары ала қаз қайта айналып келгенде

Дамылдап тымбай соғады жүрек арызы
Өтелді ме мойынға ілінген қарызы
Жағалай жүріп ғашықтықтың жерінде
Тартады жайлап махаббаттың моласы

Жырменен бәрге поэзиямен егіз боп
Шарт ұрып теңіз
Толқындай толқып дауыл соқ
Өлең жазған сырымды төккен параққа
Менде бір күн қалармын сірә ақын боп

Кейде қысып шаншығанда жүрегің
Орындалып ойдағы бар тілегің
Соңғы секунд сұм ажалың келгенде
Қара қалам ақ парақ боп сенерің

Жырладың азаптанып ғашықпын деп
Тамшы жасты жанарыңнан құлатқың кеп
Мына жақта жұдырықтай бір сезімің
Қоймады ғой тырналатып жаныңды жеп

Қимады сені қаның тамған туған жер
Сендей жан дүниеге бірақ бір келер
Жырыңды жандар оқығанда бір сәтте
Рухтандырып жаныңа жылы дем берер

Қабырғасы қисая қалған Қарасаз
Сендей жан екінің бірі бола алмас
Қара жер қуыс қараңғы түнек қамалда
Ұшудан қалды қанатын жайған аққу, қаз

Таулық болған тауыңда қалды мүжіліп
Ақ қағаздар шимайланып, бүлініп
Мына өмірдің жарық көзі сөнгенде
Аспанда тұрды жарық жұлдыз көрініп

Сен солғанда сола кетті гүліңде
Қандай едің сен бар мынау кезіңде
Сен барда көлбеңденіп көліңде
Сен барда жайқалушы ед(і) беліңде

Себеп боп мұңға махаббаттың диалогы
Кім білген патша болып қаларыңды
Сәуледей өте шыққан аспандағы
Кім білген жұлдыз болып жанарыңды


Басқа да өлеңдері



Пікірлер (1)

Модератор

Ілмектер үтір арқылы қойылады.

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...