Досым да жоқ – Оралбай Мырзақұлов

Бұл бетте «Досым да жоқ» атты Оралбай Мырзақұлов жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жыр тапқаным болмаса осында кеп,
Санама сыймас ойлар басымда көп.
Кең пейілі тарылған тас қалада,
Мына менің, шынында, досым да жоқ.

Көңілім не алапат кешкен деме ?
Бір өксік мұң жиналар бос кеудеме.
Адамдарды жазғырып қала бердім,
Сірə, дəтім бармайтын дос деуге де.

Дос іздеймін ұғатын сырымды іштен,
Қоятұғын қашан да құнымды үстем.
Қарақтаған достардың қажеті жоқ,
Қажетсізге қиын ғой күнің түскен.

Сыр тапқаным болмаса осында кеп,
Санама сыймас ойлар басымда көп.
Адамдары мейірімсіз бұл қалада,
Шынымды айтсам, бұл күні досым да жоқ.


Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Досым да жоқ өлеңінің авторы кім?

Оралбай Мырзақұлов — осы өлеңнің авторы.

Досым да жоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Досым да жоқ өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Досым да жоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар