Санамды салып сары уайымға
- 0
- 0
Санамды салып сары уайымға,
жатқанша күндi санап мен,
iшкiлiкке әбден салынайын ба,
тарқатып шердi шараппен?!.
Бұл бетте «Ақ Махаббат» атты Kuanbay_erkinbek жазған махаббат туралы өлең берілген.
Санамды салып сары уайымға,
жатқанша күндi санап мен,
iшкiлiкке әбден салынайын ба,
тарқатып шердi шараппен?!.
Бiлесiң бе, қалқам, сағындырғаныңды,
сарғайдым алтынға айналып.
Сырнайлы үнiн қосса жаным жырға мұңды,
жылайды жел тыңдай қалып.
Қарғам менiң, қараңғы түн жамылып,
мен саған сырымды ақтардым,
дүрсiлiнен жүректiң мың жаңылып,
жырладым мұңын бақтардың.
Хабарлама
INFO
Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек. Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.