Дала қызымын – Есенбаева Багила Ауезхановна

Бұл бетте «Дала қызымын» атты Есенбаева Багила Ауезхановна жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жасқанбай дауыл өтінен,
Ызғары сүйіп бетімнен.
Ақ көңіл дала қызымын,
Естіген үнін жетіген.
Біреулер бәлкім тағар мін,
Жырымнан алқа тағармын.
Жыр сүйген дала қызымын,
Бұлақ боп мен де ағармын.
Тыңдаған құмның ызыңын,
Ауылда небір қызығың.
Кіршіксіз таза жүрегі,
Пәк жүрек дала қызымын.
Көктемде атқан құба таң,
Құбылған гүлді ұнатам.
Мендегі мінез даладай,
Жырыммен әркез жұбатам.
Әдемі көркі күзінің,
Дидары сұлу жүзінің.
Өлеңнен тапқан бақытын,
Киелі дала қызымын.
Қытымыр қыстың ызғары,
Көңілдің күйін бұзғаны.
Қыстан да тауып сұлулық,
Өрнегін салдым мұздағы.
Дәстүрін сақтап халқының,
Ауылдан шығар жарқын үн.
Өнерді жиған бойына,
Кәдімгі дала қызымын..


Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек. Егер авторы өзіңіз болсаңыз автор деген жері бос қалу керек, - авторы өзім - деген белгі бар, соны басу керек басылу керек. Жазудың үстіне. Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дала қызымын өлеңінің авторы кім?

Есенбаева Багила Ауезхановна — осы өлеңнің авторы.

Дала қызымын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дала қызымын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дала қызымын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар