Аналарға арнау
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
Санжар
Жақсы
Myrza
Өте керемет
бағжан
өте керемет
Жания
Өте керемет
Каусар
Күшті
Талғат
Өте әсерлі, жүректің түкпірінен шыққан аналарға арналған тамаша өлең екен! Естеу Нүсіпбековтің «Аналарға арнау» туындысы – анасыз өмірдің мүмкін еместігін, ананың үйдің, ұрпақтың, бүкіл тіршіліктің негізі екенін соншалықты күшті, поэтикалық тілмен жеткізген асыл сөз.
«Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар» деген бастапқы жолдардан-ақ ана – үйдің жылуы, жүректің оты, ұрпақтың мерейі екені сезіледі. «Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар — Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар» деген теңеу қазақ даласының өзендерінен бастап, ананың өмірдегі орнын қаншалықты биік қоятынын көрсетеді. «Лайықсыздар» қайталауы – өр, төр, ер, зор деген сөздердің өзін ананың алдында жеткіліксіз ететін даналық! Ана – Күнсіз жарқыраған, өзендей сарқыраған, жаңбырдай нөсер ететін, көбелек боп айнала ұшатын, өртеніп кете алмайтын – өмірдің мәні!